Меню KDT
Список пуст

школа-гимназия №5
  • kz
  •  
    «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

            Мектебімізде үлкен шаралардың бірі – «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы оздырылды. Тамыз-қыркүйек айларында бұл қайырымдылық акциясы республика көлемінде жүруде. Бұл акцияның мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін, өте мұқтаж отбасы балаларына көмек, қолдау көрсету.
            «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына көмек қолдарын созып, демеушілік көрсеткен жандар бар. Есімдерін атап айтсақ, Аудандық жер қатынастар бөлімінің ұжымы, басшысы Айтжанов Артур Иманғазыұлы, Жалпақтал ауруханасының ұжымы, басшысы Жүнісбек Алмас Тоғайбайұлы және жеке кәсіпкерлер Рыскалиев Артур, Мусагалиев Болат, Кауметов Бөгенбай, Сарсенғалиева Альбина, Ибрашева Гүлнұр, Акбаев Ержан, Айтжанов Мұрадым, Төлегенова Гүлсара, Саханова Ардақ, Абуов Талғат, Рахимова Марал, Измағанбетова Қалампыр, Сариев Ержан атты қайырымды жандарға, сонымен қатар «Қазақтелеком» ұжымы, Өрт сөндіру бөлімі, Күзет полициясы, №2 сот актілерін орындаушысы, Жалпақтал кітапханасы, Мәдениет үйі, Спорт мектебі, Әлеуметтік үлгідегі медициналық мекеме, «Ертегі», «Балдәурен» бөбекжайы мекеме ұжымдарына алғысымыз шексіз.Бұл шараға мектебіміздің ұстаздары да белсене араласуда. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз.
            Бұл игілікті шара алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.





    1 қыркүйек – Білім күні

    1 қыркүйек күні Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде де дәстүрлі алғашқы қоңырау салтанатты түрде соғылды. ҚР Конституциясының 21 жылдығымен, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келген салтанатты шараға оқушылар, ұстаздар, ата-аналар және Казталов ауданы әкімінің орынбасары С.Ғ.Бекжанов, аудандық білім беру бөлімінің басшысының орынбасары Р.Ж.Мәулетқалиев, Жалпақтал ауылдық округінің әкімі С.С.Акмурзин, ардагер-ұстаздар қатысты.
    Жаңа 2016-2017 оқу жылының алғашқы құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Г.Н.Абугалиеваға,қонақтар атынан аудандық білім беру бөлімінің басшысының орынбасары Р.Ж.Мәулетқалиевқа, 1-сынып ата-аналары атынан Н.Искалиевке берілді.
    Мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндердің ұстаздары Л.С.Ситимова мен А.Ш.Қуанғалиевтың құттықтау тілектерінен кейін 1-сынып оқушылары өздерінің тақпақтарымен сәлемдемелерін жолдады.
    «Білім күні» құрметіне 8-сынып оқушылары А.Дауетова, Ж.Шынболатова мен Б.Шерниязова ән арнады.
    «Алғашқы қоңырау» соғу құрметі 1-сынып оқушылары Е.Махмудов пен А.Болатқа берілді.
    Шара соңы әр сыныпта «Мен өз елімнің патриотымын» атты тәрбие сағаттарымен ұласты. 
    Учитель в начале пути…
    Каждый из нас, учителей, в начале профессионального пути, испытывал какие-то затруднения, проблемы из-за отсутствия необходимого опыта. Становление учителя происходит труднее, сложнее, чем у представителей другой профессии, потому что педагогическое образование не гарантирует успех начинающему учителю.
    Первое место работы… Возможно, чувствуется неуверенность, дискомфорт. Всё новое: социальная роль, новые взаимоотношения с людьми. Новая личностная ситуация – ответственность за качество своей работы, результат, который ожидают учителя, ученики, родители. Сегодня школе нужны молодые, инициативные, творческие учителя, готовые работать по-новому.
    В целях повышения эффективности общения молодого педагога и учеников, в школе имени Гинаята Молдашева 23 сентября текущего года прошло занятие «Учитель в начале пути», подготовленное руководителем Школы молодого учителя Турегалиевой Г.К. Актуализировать проблемы, возникающие при общении с учащимися, осуществить поиск наиболее эффективных способов решения конфликтных ситуаций предлагалось молодым учителям в ходе данного мероприятия.
    Началась беседа с тренинга, где учителям предлагалось поприветствовать друг друга, представиться и продолжить фразу: «Быть учителем значит…». Такое начало установило атмосферу доверия, настроил участников на работу, почувствовать единство и поддержку.
    Продолжило мероприятие упражнение «Описание ученика», характеризующееся работой в группах, в ходе которого участники групп должны были описать ученика по фото, но подвох в том, что каждой группе предлагаются совершенно одинаковые фотографии, но есть примечание: одной группе ведущий говорит, что на фото изображен «отличник», второй группе – «двоечник». Обе команды описывают одного и того же ребёнка, но так как они были под влиянием разных установок – положительной в первом случае и отрицательной –  во втором, то описания у них совсем разные (подобный эксперимент проводил Розенталь со своими студентами).
    Это упражнение учит молодых учителей составлять собственное мнение об ученике, не опираться на чужие, возможно искаженные установки, мнения.
    Следующее упражнение «Язык телодвижений» призвано было помочь научиться правильно интерпретировать жесты, позу и мимику ученика на уроке.
    Группы комментировали изображения с различными позами, жестами и мимикой, сравнивали, сопоставляли. После некоторой дискуссии ведущая, опираясь на выводы психологов, пояснила, каким образом мы должны интерпретировать те или иные позы учащегося.
    Завершило данную встречу упражнение: «Комок проблем». Участники рассаживаются по кругу. По желанию учитель рассказывает о сложной ситуации в его педагогической практике. Ведущий обращает его внимание на то, что он предпринимал, что при этом чувствовал, а также каких результатов добился тем или иным способом. Происходит обмен мнениями в группе, после чего участники пишут на листе бумаги все отрицательные эмоции которые испытывают во время конфликта и бросают в коробку, чтобы избавиться от накопившегося негатива (коробка устанавливается по центру круга).
    Таким образом, в конце занятие обсуждаются вопросы: Что каждый вынес из занятия? Чему научился? Что хотел бы проанализировать в следующий раз? Что понравилось, а что нет? Молодость – это возраст мечтаний, надежда на их свершение, неудержимая энергия, желание достичь успеха. Деятельность молодого человека, который нашёл и зажег в себе искру личностной и профессиональной индивидуальности, способствует прогрессивному развитию образования. «Учитель живёт до тех пор, пока учится, если он перестаёт учиться – в нём умирает учитель». Эти слова великого педагога К. Ушинского – лейтмотив работы Школы молодого учителя.
     
    «Туриада – 2016» дала жорығы
                                     Салауаттылық – саулық кепілі, ал саулық – байлық негізі.
    Салауатты өмір салты – бұл денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Салауатты өмір салтын ұстану бағытында Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде 23 қыркүйек күні 5-7 және 8-11 сынып оқушылары арасында «Туриада – 2016» дала жорығы оздырылды. Оған 5-11 сынып оқушылары, сынып жетекшілері, дене шынықтыру пәні мұғалімдері, аға тәлімгер қатысты. Таныстыру (әр топтың аты, ұраны мен әндері), ас мәзірі, веложарыс, туристік эстафета бөлімдері бойынша оқушылар өздерінің бақтарын сынады.
    Нәтижесінде 1 орын 7а-сыныбы, 2 орын 7б-сыныбы,3-орын 5а- сыныбы оқушыларына бұйырды. Ал жоғары сыныптар бойынша 1 орын 10а,б-сыныптарына, 2 орын 9б-сыныбына, 3 орын 9а-сыныбына бұйырды.
    «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру – баршаның борышы. Сондықтан осындай тәрбиелік мәні зор шаралар алдағы уақытта да жиі оздырыла бермек.


    Құрметті ұстаздар қауымы!
          
           Сіздерді қазан айында аталып өтетін Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздердің балаға деген ыстық көңілдеріңіз, жылы мейірімдеріңіз әр оқушының рухани жан дүниесін байытып, жүректеріне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, үлкен өмірге жолдама алған кез келген шәкірт ұстазымен мақтанады.
         «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»... Иә, бұл мектеп ұстаздарына арналған теңеулер. Мұндай ұстаздарға арналған мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіз екені рас. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
                                                        
                                                     Ізгі ниетпен: мектеп директоры Г.Н.Абугалиева


                                                           «Қарттарын қадірлеген ел ардақты»


    «Ауылыңның маңында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең. Ауылыңда ақылгөй қария болса, жазып қойған хатпен тең» деген екен біздің бабаларымыз. Иә, өткенімізді үлкендерсіз елестету мүмкін емес. Біздің бүгінгі нұрлы өміріміздің, алаңсыз күлкі, тәтті ұйқымыздың да бейбіт сақшысы данагөй қарияларымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз емес пе?
           Болашақ ұрпаққа атаның қасиетті сөздерінен бастау алу, бүгініміз бен келешегіміздің мән-мағынасын ұғындыру мақсатында «Қайырымдылық» айлығына байланысты мектеп өнерпаздары Қарттар үйінде «Қарттарым – асыл қазынам» атты концерттік шара оздырды. Оған мектебіміздің А.Маликов, А.Үмбет, А.Рашиденова, Э.Халитова, А.Мұхамбетқалиева, А.Нығметова, А.Айдарбекова, Б.Қайратов, Ж.Шынболатова, П.Еролла сынды бір топ өнерлі оқушылары белсенді қатысып, ата-әжелеріне ән-жырдан тарту жасап, баталарын алды.
           Сонымен қатар мектебіміздің ардагер ұстаздарына дәмді үстел әзірленіп, мерекелік бағдарламамен қошемет көрсетілді.

     
    Бүгінгі дарын иесі – ертеңгі егеменді еліміздің тірегі

             18, 19 қазан күндері Орал қаласында орыс жазушысы Ф.М.Достоевскийдің туғанына 195 жыл толуына орай «Чтение как увлекательное занятие – 2016» атты ІІІ облыстық интеллектуалдық әдеби турнир оздырылды. 4 кезеңнен тұратын турнирде мектебіміздің командасы белсене қатысты. Нәтижесінде 11 сынып оқушысы Мұхамбетқалиева Карима
    ІІ дәрежелі диплом иегері атанып, естелік сыйлықпен және Ф.М.Достоевскийдің 3 томдық шығармалар кітабымен марапатталды.


    Самара қаласында өткен 13 жасқа дейінгі қыздар арасында өткен дзюдодан ашық турнирде 32 кг салмақ дәрежесінде 7 сынып оқушысы Мұрадымова Айшабибі жүлделі І орынды иеленді. Мектеп ұжымы атынан 11 сынып оқушысы Мұхамбетқалиева Кариманы және 7 сынып оқушысы Мұрадымова Айшабибіні жүлделі орын иеленуімен құттықтаймыз.

                   Күз – береке, байлықтың бастауы
     
    Қазан айында жоспарға сәйкес 0-10-сыныптар арасында «Арайлы алтын күз-2016» күзгі балының «Сыбдыры сұлу, Алтын күз» атты жалпы тақырыбымен үлкен мерекелік кеш өткізілді. Шараның ең бірінші күні 0-1 сыныптарға, 5-7 сыныптарға арналды. Екінші күні мерекелік шара 2-4 сыныптар, 8-10 сыныптар арасында жалғасын тапты. Таныстыру, қолөнер жасау, сән үлгісі, өз өнерлерін көрсету, қабырға газетін шығару шарттары бойынша 0-1 сыныптар арасында 1-орынды 1ә, 1б сыныптары, 2-орынды 0а, 1а сыныптары, 3-орынды 1в, 0б, 0в сыныптары алды. 5-7 сыныптар арасында 1-орын 5а, 5б сыныптарына, 2-орын 6б, 7а сыныптарына, 3-орын 6а, 7б сыныптарына бұйырды. 2-4 сыныптар арасында 1-орынды 2б, 4а сыныптары, 2-орынды 4б, 3а-сыныптары, 3-орынды 3б, 2а, 2ә сыныптары иеленді. 8-10 сыныптар арасында 1-орынға 9а сыныбы, 2-орынға 8а, 10 сыныптар, 3-орынға 8б, 9б сыныптары ие болды. Барлық сынып үлкен дайындықпен қатысты. Өз өнерлерін белсенді түрде ортаға салды.

    Тәуелсіздікке 25 жыл
    Қолға алдық егемендік тізгінін,
    Асқақ арман – жаса тәуелсіздігім.
    Мойындатқан бар әлемнің дүлділін,
    Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін.
             Орындалды ата-баба арманы,
           Үміт оты қайта жанып жалғанды.
             Елім менен Елбасының жеңісі,
             50 елдің қатарында болғаны.
    «Қазақ» аты кең ұғымды білдірер,
    Өр рухы мен намысы бар батыр ел.
    Желтоқсанда шындық жырын шырқаған –
    Қайрат, Ләззат, Сәбираны біліңдер.
             Тарихта ойып тұрып орын алған,
             Бодан боп қанша азап күтті алдан.
         «Оян, қазақ!» деп жырлап рухтандырған,
           Бар адамзат жүзінде жалғыз арман.
    Тәуелсіздік туы биік самғасын,
    Елбасының «Нұрлы жолы» жалғассын.
    ЕХРО өтіп, күллі Алаштың есімі,
    Жер жүзіне үлгі болып таралсын.
             Қазақ елі түзе көшті бойыңды,
             Болашақ жас іске асырсын ойыңды.
             Дүниені дүркіретіп тойлатшы,
             Тәуелсіздік 25 жыл тойыңды!
    Гүлжайна Нұғман, 10а-сынып оқушысы

          

    Білім көкжиегін кеңейтер апталық

     

         Оқушылардың жеке пәндерге деген қызығушылығын арттыруда тоқсан ішінде, яғни, қараша айының 21-і мен 26-ы аралығында нақты пәндер бірлестігінің әдістемелік күндері өткізілді. Политехникалық цикл пәндер бірлестігі әдістемелік күндерінде пән мұғалімдері аталған тақырыпқа сәйкес оқу мен тәрбиені ұштастыра отырып, бірнеше ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар жүргізді. Ашық сабақтар: «ХХІ ғасыр-нақты ғылымдар ғасыры» деп елбасымыздың қойып отырған маңызды міндетінің негізгі салмағы да осы үш пән - математика, физика және информатикаға бағытталған. Сондықтан да биылғы оқу жылында өткізілетін апталықтың тақырыбын да барлық іс-шараларды да жүйелі түрде осы ғылымдар негізін тереңірек аша түсуге, әр баланың осы пәндердің беймәлім тұстарын зерттеуге деген қызығушылығын арттыруға бағыттадық.

     

           Апталықтың мақсаты мен міндеттері нақтыланған соң, аптаның әр күні нақты бір тақырыпта аталып, сол бағытта жаңаша жұмыс үлгісі жүзеге асырылып отырды. Әрине бұл пән мұғалімдері тарапынан өте үлкен ізденіс пен шығармашылықты талап етеді. Біздің пән бірлестігінің әр мүшесі осы талап үдесінен шыға біліп, өз шығармашылықтары мен шеберліктерін көрсете білді. Атап айтсам: апталықтың бірінші күні мектепішілік жиында «Нақты ғылымдар елінде» атты апталықтың ашылу салтанаты оздырылып, «Мен болашақта.....» атты көрме, «Біздің өміріміздегі математика» атты қабырға газеттер көрмесі, 5-9 сыныптар үшін «Ең үздік сынып» және «Ең үздік оқушы» логикалық есептерді шығарудан конкурс ұйымдастырылған болатын.

     

           Сейсенбі күні информатика пәні мұғалімі Ерболатов А.Е информатика пәнінен кіші олимпиада, математика пәнінің мұғалімі Меңдіғалиев Н.Е 5 «А», 5 «Б» сынып оқушыларына «Математикалық таңғажайыптар алаңы», ал математика пәнінің мұғалімдері Газизова С.Х, Каюбалиева Г.Т 8 «А», 8«Б» сынып оқушыларына «Қызықты математика» интеллектуалдық сайысын өткізді. Сәрсенбі күні математиканың қыры мен сырын ашып, оның басқа ғылымдармен байланысын жан-жақты көрсете білген мұғалімдер Байшурина Гүлмира Нәсіпқалиқызы және Мендигалиев Нұржан Ерсайынұлы болды.6 «А», 6 «Б» сынып тарына Гүлмира Нәсіпқалиқызы «Веселый математический старт», 10 «А», 10 «Б» сыныптарына Нұржан Ерсайынұлы «Ұшқыр ойлы жұлдыздар» сыныптан тыс интеллектуалдық ойындарын ұйымдастырған болатын.

     

         Бейсенбі күннің ерекшелігі - «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренинг болды. Бұл күні мектебіміздің қосымша білім беру педагогі Сүлейменова Әсия Қуанышқызымен бірлесе отырып, мектептің дарынды оқушылары және олардың пән мұғалімдерімен бірлесе семинар-тренинг өткіздік. 5-11 сыныптарының оқушыларына «Адам және оның өмірге деген көзқарасы» атты тренинг ұйымдастырылып, оқушылардың өз ойларын білдік. Сонымен қатар, оқушылар және олардың ұстаздарына «Менің жобам» атты ғылыми жобалар қорғау блогы өткізілді. «Жас келсе-іске» деген тақырыпта жас мұғалім Серікова Ұлпан Қанатқызы «Посвящение в юные физики» атты оқушыларды «Жас физиктер» қатарына қосу кеші ұйымдастырылды. Бұл кеште әртүрлі физикалық тәжірибелер көрсетіліп, физика пәнімен таныстыру ұйымдастырылды. Математика пәні мұғалімі Байшурина Г.Н «Умножение рациональных чисел» атты ашық сабақ көрсеткен болатын. Сабағы өте жақсы деңгейде ұйымдастырылып, жаңаша білім беру аясында жаңа әдіс-тәсілдермен қызықты да тартымды өткізді. Сонымен қатар, математика пәні мұғалімдері Газизова С.Х, Мендигалиев Н.Е,Байшурина Г.Н, Каюбалиева Г.Т 5-7 сынып оқушылар арасында «Тәуелсіз елдің танымы мол ұландары» интеллектуалдық олимпиада өткізіп, оқушылардың логикалық ойлау танымдарын зерделеп, өзіндік есептік жағдаяттардан шыға білу қабілеттерін дамытуға жұмыстандық. Сенбі күні 5-11 сынып оқушыларына «Математикалық кеш» ұйымдастырып, кештің бағдарламасы бойынша сыныптар өздерін таныстырып, логикалық сұрақтарға жауап беріп, математикалық ертегілерін көрсетіп, математика әлемінің таңғажайыптарымен танысып, кештің   өте жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.

     

          Ал апта бойы әр үзілісте әр бала логикалық есептер байқауына берілген есептерге жауап тауып, өз білімі мен логикалық ойлау қабілетін танытуға мүмкіндік алып, арнайы сенім қорында өз ұпайларын жинап, білім дәрежесі марафонынан озып шығуға талпынды. Бұл байқауда үздік шыққан алты оқушы арнайы грамоталармен марапатталып, ынталандыру сыйлықтары беріліп, ең үздігіне «Жеңімпаз» тәжі кигізілді.

     

          Бұл математикалық апталықта әрі пән мұғалімдерінің шығармашылықпен жұмыстануға ізденістері мен құлшыныстары артып, әрі оқушылардың пәндерге деген қызығушылық зейіндері артып, жаңаша бір тың серпіліс берді.

     

     

     

    Анализ проведения предметной недели русского языка,

     

    литературы и английского языка.

     

        Cогласно плану работы школы на 2016-2017 учебный год с 5 декабря по 10 декабря 2016 года в нашей школе была проведена предметная неделя русского языка,литературы и английского языка.Целью предметной недели было повышение интереса учеников к предметам через активизацию внеурочной и урочной деятельности, развитие творческого и познавательного потенциала учащихся, совершенствование лингвистической, коммуникативной и речевой компетентности учащихся.

     

         На заседании методического объединения учителей русского и английского языков был составлен и обсуждён план проведения предметной недели. Учителями были предусмотрены различные виды внеклассных мероприятий, чтобы позволить учащимся с различным уровнем знаний и различными учебными способностями принять участие в проведении недели и проявить себя, тем самым создать для них ситуацию успеха. Это были и художественные конкурсы, и внеурочные внеклассные мероприятия: игры, интеллектуальные конкурсы и викторины. Было запланировано большое количество мероприятий, чтобы охватить все параллели классов.

     

        В соответствии с планом недели , в понедельник, 5 декабря, на большой перемене прошло открытие недели, на котором выступили ученики 8 «б» и 9 «б» классов со стихотворениями о русском языке и литературе. Молодым учителем английского языка Елтаевой А.Р. была проведена викторина «В мире английского языка». Здесь же ученики были ознакомлены с «Программой недели».В рамках недели в первый день был проведён конкурс тематических стенгазет: в 5-7 классах - «Занимательная грамматика», где ребята должны были отразить все три предмета; а в 8-10 классах стенгазеты посвящались писателям-юбилярам. Все классы приняли активное участие в этом конкурсе, но хотелось бы отметить отдельные классы: мальчиков 10 «б» класса, которые одними из первых, в первый же день недели, вывесили свою стенгазету, посвящённую 175-летию Ф.М.Достоевского. Очень красочные и интересные стенгазеты выпустили ученики 5 «б» и 6 «б» классов.

     

       Одним из ярких событий недели был конкурс инсценировок, к которому ребята подошли с большой ответственностью. Конкурс этот прошёл в два этапа: в среду среди 5-х классов «В мире сказок» на английском языке и в пятницу среди 5-7 и 8-10 классов «В мире литературных героев». Вниманию зрителей были представлены инсценировки сказок «Теремок» (5 «б») и «Репка» (5 «а»). Выступление ребят было очень ярким, талантливым, артистичным.

     

         Старшие классы поставили эпизоды из произведений великих русских писателей. Так, ученики 10 «б» класса выступили с эпизодом из бессмертного романа в стихах А.С.Пушкина «Евгений Онегин»: дуэль между Онегиным и Ленским. Ребята очень креативно подошли к постановке данного эпизода, используя в качестве музыкального оформления фрагменты из оперы «Евгений Онегин» П.И.Чайковского. А ученики 9 «а» класса поставили фрагмент из поэмы «Цыганы». Ученики 8 «б» класса обратились к творчеству великого русского писателя Д.И.Фонвизина. Ими вниманию зрителей был представлен фрагмент обучения Митрофанушки русскому языку, арифметике и географии из комедии «Недоросль». Очень интересно интерпретировали эпизод из трагедии А.С.Пушкина «Моцарт и Сальери» ученики 7 «б» класса.

     

           Так же были проведены такие внеклассные мероприятия, как конкурсы и викторины «В мире русского языка» в 8,9 «а» классах (Каримова Н.Х.), «Весёлый марафон» в 4 «а» классе (Кауметова А.Н.), «AmazingEnglish» в 7-х классах (Габидуллина Ш.Е.), «DoyouknowEnglishwell» в 8-10 классах (Елтаева А.Р.). Все перечисленные мероприятия прошли очень интересно, живо, на должном уровне.

     

    В рамках предметной недели учителями МО были даны и открытые уроки. В 1 «б» классе учителем английского языка Бурамбаевой А.С. был проведён открытый урок на тему «Thisismypet». Урок прошёл на должном уровне, с применением ТСО и дидактических материалов /карточки для индивидуальной работы/, в соответствии с требованиями обновлённой программы обучения английскому языку в начальной школе.

     

         В субботу были подведены итоги предметной недели на заключительном мероприятии, ретро-фестивале «Песни 80-90-х годов», Итоговый вечер прошёл очень празднично, ребята исполнили песни на 3-х языках: казахском, русском и английском. Классы, занявшие призовые места в конкурсах стенгазет и инсценировок, были награждены грамотами. На итоговом вечере в качестве гостей присутствовала администрация школы в лице директора школы и завуча по воспитательной работе, которые поблагодарили учеников и учителей МО за прекрасные, красочные, интересные мероприятия, подарившие всем позитивное настроение.

     

         Подводя итоги предметной недели, можно смело утверждать, что учителя МО достигли поставленных целей. Ученики при подготовке к мероприятиям недели проявили большой интерес, самостоятельность, творческий подход к осуществлению своих идей и замыслов.

     

       Предметная неделя русского языка, литературы и английского языка прошла успешно.

     

    Послание
    Президента

    nazarbayev.jpg?_=1 nazarbayev.jpg?_=1 nazarbayev.jpg?_=1

    Прогноз погоды

    Полезные ссылки