Меню KDT
Список пуст

школа-гимназия №5
  • kz
  • Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің директоры Г.Н.Абугалиева шығармашылықпен, ізденіспен жұмыстана отырып, білім сапасын көтеруде аянбай еңбек етуде.
    Гүлмайра Нариманқызы басшылық атқарғалы бері мектеп аудан, облыс, республика көлемінде танылып, оқушылардың білім сапасы биік белестерден көрінді.
    Мұғалімдердің тәрбиешілік, педагогтік әлеуетін, қабілетін арттыруға, мұғалім мәртебесін нығайтуда Г.Н.Абугалиева өз септігін тигізуде. Ол басшылық етіп отырған ұжымдағы 63 ұстаздың 52-сі жоғары білімді, 6-уы – жоғары санатты, 24-і – І санатты, 15-і – ІІ санатты мұғалімдер.
    Сапалы білім мен саналы тәрбиені ұштастыра алатын, шәкірттерін рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру мақсатында жұмыстанып отырған білім ордасын бітіруші түлектердің алған білімдерін саралайтын ҰБТ нәтижесі бойынша аудан мектептерінен алғашқы орындардан көрініп келеді.
    Ұстаздардың тынымсыз еңбегі мен төккен терінің нәтижесінде 2013-2014 оқу жылында Искалиева Динара «Үздік аттестат», 2014-2015 оқу жылында Мухамбеджанов Райбек «Алтын белгі», Өтебалиева Айнұр «Үздік аттестат», 2015-2016 оқу жылында Гилымов Бақытжан «Алтын белгі», Ахметова Ботагөз, Исатай Әлішер «Үздік аттестат» иегерлері атанды.
    Ұстаздардың тынымсыз еңбегін дәлелдеп, білім, өнер, спорт саласы бойынша биік шыңдарды бағындарған оқушыларымыз да баршылық. Атап айтсақ, 2013-2014 оқу жылында Сомик Надежда облыстық «Жарқын болашақ» олимпиадасында І орын иегері, Нурадинов Альберт халықаралық «Kompas-2014» байқауында І орын иегері, Серикова Перизат, Губайдуллин Артур, Бекмулдин Дәурен облыстық «Гүлдер әлемі» байқауында І, ІІ орын иегерлері, республикалық волейбол құрама командасының ойыншысы Даракчян Артур, Искалиев Дулат «Үздік шабуылшы» номинациясы иегері, мектеп волейбол құрама командасы республикалық, халықаралық жарыстарда І орын иегері, 2014-2015 оқу жылында Наутайова Афина республикалық «Тәуелсіздік – тірегім» сурет байқауында гран-при иегері, Мендешова Аида халықаралық «Kompas- 2015» байқауында І орын иегері, Даракчян Артур, Гайсина Райля облыстық «Жарқын болашақ» олимпиадасының І, ІІ орын иегерлері, Гайнединова Амина облыстық қазақ тілі пәні олимпиадасында ІІ орын иегері, республикалық қазақ тілі пәні олимпиадасының «Алғыс хат» иегері, 2015-2016 оқу жылында Гайсина Райгүл, Гайнединова Амина облыстық қазақ тілі пәні олимпиадасының І орын иегерлері, республикалық қазақ тілі пәні олимпиадасының «Алғыс хат» иегерлері, Құрманғалиев Орынбек облыстық «Ғылыми жоба» байқауында ІІІ орын иегері, Фарит Наташа республикалық «Ғылыми жоба» байқауында ІІ орын иегері, Балмашева Жанар, Мурадымова Айшабибі облыстық «Жеңіл атлетика» спорттық жарысы бойынша І орын иегерлері атанды.
    Осындай талантты да дарынды шәкірттерді тәрбиелеуде ұстаздарымыздың еңбегі елеусіз қалған жоқ. Физика пәні мұғалімі Ахметов Болат Бақтығалиұлы республикалық «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Искалиев Тимур Бақтығалиұлы ҚР жаттықтырушысы атанды.
    2014 жылы ұйымдастырылған облыстық «Үздік ауылдық мектеп» байқауының қорытындысымен Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі ІІ орын, аудандық білім беру бөлімі ұйымдастырған «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауында ІІ орын иегері атанды. Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі 2015-2016 оқу жылындағы оқушылардың облыстық, республикалық, халықаралық түрлі байқаулар мен жарыстарының жеңімпаздар санының жоғары көрсеткіші үшін аудандық білім беру бөлімінің дипломымен, ұстаздардың қажырлы да тынымсыз еңбегі үшін аудан әкімі Н.Бекқайырдың «Алғыс хатымен», мектеп бітіруші түлектердің сапалы білімі үшін М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры А.С.Иманғалиев пен Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ректоры Қ.Қ.Бозымовтың «Алғыс хаттарымен» марапатталуы – мектеп ұжымындағы педагогтардың және мектеп басшысы Гүлмайра Нариманқызының қажырлы еңбегінің жемісі деп білеміз.
    Гүлмайра Нариманқызы – Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – аудандық Тәуелсіздік күніне орай өткізілген «Жыл үздігі – 2014» байқауында ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына қосқан елеулі еңбегі мен мінсіз қызметі үшін «Үздік мектеп директоры» марапатына ие болды.

    Послание
    Президента

    Прогноз погоды

    Полезные ссылки